×

«Үкіметті бекініске айналдырмаңыздар»: журналистер аккредитациядан айырылған әріптесіне қолдау білдірді

Мемлекеттік органдарда аккредиттеудің жаңа ережелері тамыз айында күшіне енген

«Үкіметті бекініске айналдырмаңыздар»: журналистер аккредитациядан айырылған әріптесіне қолдау білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкіметте журналистер желтоқсан айының соңына дейін Үкімет ғимаратына кіруде аккредитациядан айырылған журналист Жәния Уранқаеваның атынан сұрақтар қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

6 қыркүйекте журналист Press.kz басылымының тілшісі Жәния Уранқаева 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін «БАҚ-ты аккредиттеудің жаңа ережелерін бұзды» деген сылтаумен Үкіметке кіруден шектелген. Уранқаева Үкімет осылайша ыңғайсыз сұрақтар қоятын журналистерден құтылғысы келеді деп есептейді. 

Мемлекеттік органдарда аккредиттеудің жаңа ережелері тамыз айында күшіне енген. Бұған дейін журналистер ол ережелердің бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын шектеу үшін пайдаланылатынына алаңдаған. Қауіп расталып отыр.

«Жәния Уранқаеваны аккредитациядан айыру – әділетсіз шешім».

«Үкіметтің баспасөз қызметі мен кабмин біздің шағымға неге жауап бермейді?»

«Тыңдайтын мемлекет құрамыз деп қиялдаудың не қажеті бар?»

«Еркін БАҚ-ты шектеу елге жайсыз тиеді»

«Үкіметті бекініске айналдырмаңыздар!» деді журналистер.

Шағымды тыңдаған вице-премьер Тарама Дүйсенова аздаған уақыт сұрап, мәселенің мәнін білуге уәде берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Кеше, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →