×

«Respublica» партиясы еңбек адамдарына көмек көрсетті

Еңбек адамдары жастарға алғыстарын білдірді

«Respublica» партиясы еңбек адамдарына көмек көрсетті

Еңбек күніне орай «Respublica» партиясының белсенді жастары еңбек адамдарына көмек көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға арналған халықаралық мереке Еңбек күніне орай Республика партиясының жастары қаланың көркеюіне көмегін тигізіп жүрген еңбек адамдарына рақметін айтып, кішігірім сыйлық таратты. 

Белсенді жастардың бұлай бағалап, құрмет көрсетіп жатқанына риза болған еңбек адамдары алғыстарын білдірді.  

«Бізге түскі ас пен ыстық шай беріп жатырсыңдар. Баршаңызға рақмет. Өмір жастарың ұзақ болсын. Несібелерің молая берсін. Осылай халыққа қызмет істеп жүре берейік»,  – дейді қала жанашырларының бірі. 

Партия жастарының сөзінше, бұл – қоғамдағы көзге көрінбейтін еңбекті елеп-ескерудің айқын көрінісі. Себебі еңбек адамдарының қажырлы еңбегі елге білінбейді.  Қазір керісінше сондай жандарды дәріптеу керек.

«Еңбегімен, ақылымен, өнерімен елге сыйлы азаматтарды көп көреміз. Алайда, көзге көрінбейтін, елге білінбейтін еңбек адамдары қаншама.. Бүгін сол еңбек адамдарын дәріптейтін күн... 50-ден астам өзге мемлекет азаматтары, жалпы саны 15 000 адамды құрайтын Алматы Марафоны да сол «Еңбек күніне» сай келді. Одан қалған қоқысты Партияның белсенді жастары жинап, еңбек адамдарына көмек көрсетті. Артынша арнайы дайындалған тағаммен, ыстық шаймен қуантты. Бұл қоғамдағы көзге көрінбейтін еңбекті елеп-ескерудің айқын көрінісі болды деп ойлаймыз»  – дейді партия жастары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →