×

«Күлсең қадап тастайтын шығар»: «Мұңайма Үрбибіге» билеген дзюдошы қыздар желіде трендке айналды

«Мұңайма Үрбибіге» билеп, видео түсіретіндер көбейген

«Күлсең қадап тастайтын шығар»: «Мұңайма Үрбибіге» билеген дзюдошы қыздар желіде трендке айналды
Видеодан скриншоттар

90-жылдардың орта тұсында қазақ даласында шырқалған «Мұңайма Үрбибі» әні соңғы кездері қайта жаңарып, қырғыз елінде айтылып жүр. Қазір бұл ән Tik-Tok желісінде өте танымал, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұңайма Үрбибіге» билеп, видео түсіретіндер көбейген. Олардың арасында қазақ жастары да, қырғыздар да бар. Тіпті, Африкаға дейін жеткен. Абиба Әбужақынова, Есмигүл Куюлова дзюдошы қыздарымыз да билепті.

«Мыналарға күлсең, қадап тастайтын шығар», «Әдемі шықты», «Каратэші болсам да, дзюдошылардың вайбы ұнады», «Өте әдемісіздер», «Біздің чемпиондар керемет», – деген пікірлер бар.

Айта кетейік, бұл ән 1995 жылы жазылған. Музыкасының авторы – қолына баянын ұстап танылған  Бауыржан Бегахметов болса, сөзі Жетісай халық театрының директоры болған Әлібек Мейірбековке тиесілі. 90-жылдары қазақ даласындағы тойларда жиі шырқалған әндердің бірі.

Ал биыл қырғыздар бұл әнді жаңартып, «Муңайба Адеми» деп Cover нұсқасын шығарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →