×

Тері ауруларының алдын қалай алуға болады? Түркістандық дәрігер емделу жолдарын айтты

Қазіргі таңда тері аурулары күрделі проблемаға айналып отыр

Тері ауруларының алдын қалай алуға болады? Түркістандық дәрігер емделу жолдарын айтты
Фото: gov.kz

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностика орталығының медбикесі Гүлдана Қолдас тері аурулары күрделі проблемаға айналып отқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда тері аурулары күрделі проблемаға айналып отыр. Бұл дерттің түрі көп болғанымен ішінара емделу жолына қарай түрлі сатыға бөлініп жатады. Кейбірі түбегейлі емделетін болса, енді бірімен өмір бойы күресуге тура келеді. Бұл ауру тері мен тырнақты ғана зақымдайтын боп көрінгенмен, науқастың буындарына да едәуір зиян әкелуі мүмкін.  Оның сөзінше қазір тері ауруларымен ауыратын адамдардың саны да, аурудың түрлері де көбейген. Оған экология, киім, жеген тамағымыз, ішкен суымыздың өзі де себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Денсаулық саласы бойынша бүгінгі күннің күн тәртібінен түспей тұрған аурудың бірі - тері аурулары екені белгілі. Лас ауа, күнделікті стресс, фастфудқа әуестік, дәрігерге қаралуға уақыттың жоқтығы - мұның барлығы дәл осы аурудың асқынуына алып келгені ақиқат. Тері ауруларын тудыратын факторлар көп. Олардың біріншісі - тұқымқуалаушылық. Яғни, отбасында тері ауруымен ауырған адам болса, балаларының да ауыру ықтималдығы жоғары болады. Екіншісі - аутоиммунды механизм. Дерт қатты күйзелістен кейін де жиі пайда болады. Мәселен, соңғы кезде мектеп жүктемелерінен кейін оқушыларда дерт жиі кездеседі. Тері зақымдануы стрептококты инфекциядан соң да болуы мүмкін. Бұл кезеңде бөртпелер шығып, асқынған жағдайда іріңдеп кетеді. Бөртпелер дененің кез келген жерінде пайда болады. Тері ауруының бұл түрі ерекше күтімді қажет етеді. Егер тұрақты түрде диета ұстап, гигиеналық талаптарды сақтамаса, бөртпелер қайталап шығып кетеді. Ал емді уақтылы және тұрақты түрде жүргізсе басылады»,- дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →