×

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Ең үздік нәтиже U16 жас санатында тіркелді

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

14-16 сәуір аралығында Астанада джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша неваза және файтинг бөлімдерінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қала намысын абыроймен қорғады. Жалпы есепте олар 38 медаль иеленді: 10 алтын, 9 күміс және 19 қола.

Ең үздік нәтиже U16 жас санатында тіркелді. Бұл топтағы спортшылар 6 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

U18 санатындағы қатысушылар да сәтті өнер көрсетіп, қоржынға 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль салды.

Ал U14 жас санатындағы спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медальмен жалпы нәтижеге үлес қосты.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл көрсеткіштер шаһарда жекпе-жек спорт түрлерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін және спортшылардың республикалық деңгейдегі жоғары әлеуетін айқындайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →