×

Жақында ғана қырқы өткен: Абиба Абужақынова жеңісін кімге арнайтынын айтты

Абиба Абужақынова дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді

Жақында ғана қырқы өткен: Абиба Абужақынова жеңісін кімге арнайтынын айтты
Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан күміс жүлде иеленген Абиба Абужақынова жеңісін жол апатынан қайтыс болған құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Осы медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өткен, соған қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз”, – деді Абиба Абужақынова. 

Еске салсақ, Азиаданың алғашқы күнінде Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың анасы Гүлзинат Ақберова баласының жетістігіне қуанып, кейінгі жарыстарда одан да жоғары жетістіктерге жететініне сенім білдірді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді
21.11.2023ж. 21:13

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді

ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →