×

Жәнібек Әлімханұлының ауруханадағы суреті тарады. Командасы мәлімдеме жасады

Жерлесіміздің Qazaq style командасы ресми мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының ауруханадағы суреті тарады. Командасы мәлімдеме жасады

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен кездесу алдында есінен таңып қалған еді. Ауруханадағы суреті тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жерлесіміздің Qazaq style командасы ресми мәлімдеме жасады.

«Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық. Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты!  Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар», - деп жазды Qazaq style командасы.


Енді 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.
Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →