×

"Қарашығанақ Петролеум" қоршаған ортаны 264 тонна зиянды заттармен ластаған

Компанияға шамамен 740 млн теңгедей айыппұл салынды

"Қарашығанақ Петролеум" қоршаған ортаны 264 тонна зиянды заттармен ластаған
Сурет: expertonline.kz

“Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг” компаниясы қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялар шығарған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан Облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ (бұдан әрі - Компания) қызметінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары мен төгінділерінің жалпы көлемі 264 тонна фактілерін анықтады. Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу), жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →