×

Qazaq Air әуекомпаниясы жекешелендіруге шығарылды

Жекешелендіруді әуе компаниясының жалғыз акционері – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізеді

Qazaq Air әуекомпаниясы жекешелендіруге шығарылды
polet.me

2015 жылы іргесі қаланған QAZAQ AIR жаңа әуе компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес QAZAQ AIR-ді ағымдағы жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" қоры Qazaq Air АҚ-ның 49%-тен 100%-ке дейінгі акцияларын сату бойынша ашық конкурс өтетінін жариялады.

"Қазақстанның әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру, Qazaq Air әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейту, флотты ұлғайту және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвестор тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді әуе компаниясының жалғыз акционері – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізеді", – делінген хабарламада.

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өтінім қабылдау 2023 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады. Екінші кезең бойынша конкурс қорытындылары 2023 жылғы 15 желтоқсанда жасалады.

Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы : 10 200 000 000 теңге.

Әуе компаниясын үкімет бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес, осы жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр.

Айта кетері, Qazaq Air компаниясының негізі 2015 жылы қаланған. Тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады
04.05.2026ж. 17:44

Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады

Charity Samruk Marathon–нан жиналған қаражат инклюзивті білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалатын болады
Эяль Эльбоим, Swiss Capital: «Біз өсімді бақылап қана қоймай, оны басқарамыз»
Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 % ке арттырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →