×

"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі айтып берді

"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады
gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қандай талаптар қоятынын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қойылатын талаптарды сұрады.

"Жаңа инвесторларға қойылатын талаптарға қатысты, қандай инвестиция болады, жаңа инвестордың алдына қандай да бір критерий, талап, міндеттер қоясыз ба?" – деп сұрады Әшімбаев.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Қанат Шарлапаев АМТ қазір "қауіпсіздікке инвестиция салуға" өте мұқтаж екенін растады.

"Бүгінде АМТ 3,2 миллион тонна болат өндіреді, 4,5-4,8 миллион тонна болатты жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда, біріншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуды талап етеміз, ал екіншісі – өндірісті кеңейту және қуаттылықты бұрынғы жылдары жұмыс істеген деңгейге дейін арттыру бойынша міндеттеме аламыз. Ал қазір мұндай инвестиция көлемін орта мерзімді перспективада 3 миллиард долларға жуық деп есептейміз. Ал бірінші кезекте өндірісті ұлғайту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту үшін миллиард долларға жуық қаражат қажет", – деп түсіндірді Шарлапаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өсім, даму қарқыны және мәміле: ForteBank жыл қорытындысын жариялады
Кеше, 17:13

Өсім, даму қарқыны және мәміле: ForteBank жыл қорытындысын жариялады

Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 % ке арттырды
Рейтингті мобильді желілер сапасын әлем бойынша бақылауға маманданған халықаралық V-SPEED аналитикалық компаниясы жасады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →