×

Депутат «жемқорлардың ордасына айналған» деген «7-20-25» бағдарламасымен қалай үй алуға болады?

Бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасатын болады

Депутат «жемқорлардың ордасына айналған» деген «7-20-25» бағдарламасымен қалай үй алуға болады?
Фото: tengrinews.kz

Сонау 2018 жылы Қазақстан нарығында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы пайда болған еді. Басында шарттары көп сынға ұшырағанымен, қазір ең тиімді ипотекалық бағдарлама осы болып тұр. Тіпті, жылына бөлінетін 100 миллиард теңге де қазір тұтынушыларға жетпей жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен, бағдарлама шарттарына тоқталып өтсек.

«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Жолдауы аясында пайда болған еді.

2022 жылы Ұлттық банк бағдарламаны тоқтатқысы келген, алайда Президенттің араласуымен ол 2029 жылға дейін жалғасатын болды. Дегенмен бағдарламаға біраз өзгеріс енгізілді. Мәселен енді жылына тек 100 миллиард теңге бөлінеді, яғни әр 3 айға тек 25 миллиард теңге қарастырылған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдетілген ипотекалық қарыз берілген.

Бағдарлама туралы қысқаша ақпарат

  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
  • Бастапқы жарна – 20%-дан басталады;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Құжаттар мен шарттар

  • «7-20-25» бағдарламасының шарттары:
  • • Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • • еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстың болуы, ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттан алынған, соңғы жарты жылдағы жарналар туралы көшірмемен расталады; 
  • • жұмыс орнынан соңғы жарты жыл ішіндегі кірістер туралы анықтама;  
  • • жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша салық декларациясы.

Ипотеканы қай банк арқылы рәсімдеуге болады?

Несие алу үшін «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімі бар серіктес-банктерге жүгіну қажет. Олар:

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ;
  • Bereke bank АҚ;
  • «Қазақстанның халық банкі» АҚ;
  • «Еуразиялық банк» АҚ;
  • «Банк фридом финанс Қазақстан» АҚ;
  • Bank RBK АҚ;
  • Forte bank АҚ;
  • Altyn bank АҚ. 

Қай қалалардан алуға болады?

Бағдарлама аясында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларынан ең жоғарғы құны 25 миллион теңге болатын, Қарағанды, Түркістан қалалары үшін – 20 миллион теңге және басқа өңірлер үшін – 15 миллион теңге болатын үй алуға болады.

Жемқорлықтың ортасына айналған

Былтыр күзде Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев «7-20-25» бағдарламасы жемқорлардың ордасына айналғанын, қазақстандықтар ипотека алу үшін пара беруге мәжбүр екенін ашық айтқан болатын.

«Әсіресе, соңғы жылдары мәселе күрт шиеленісті. Баспана мәселесін Мәжіліс мінберінен бірнеше рет көтердік. Үкімет тарапынан мардымды жауап болмады. Маған үнемі сырғытпа жауап келді. Бүгінде баспана нарығы тұралап тұр. Үй алудың барлық бағдарламасы тоқырауға ұшырады. «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналып жатыр. Бағдарлама арқылы үй алу үшін пара берушілер де көбеюде», - дейді Дәулет Мұқаев.

Ол  «7-20-25» бағдарламасына лимит ашылады да, 5 минутта бітіп қалатынын сынға алған еді.

«Оқырмандардан «Бұл не деген сұмдық?!» деген хаттар келіп жатыр. «Менен банк менеджері 1 миллион 400 мың сұрады», «Менен 700 мың теңге сұрады» деп жазылған хаттар келіп жатыр. Бұл қашан тоқтайды?» - деді депутат. 

6 мың отбасы ипотекалық несие алады

«Қазақстанның орнықтылық қоры» Сыртқы коммуникация қызметінің менеджері Айбар Олжаев «Курсивке» берген жауабында 2023 жылы кемінде 6 мың отбасы ипотекалық несие алғанын айтты. Сол секілді 2024 жылға да 100 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінгендіктен, осынша адам жаңа пәтерге ие болады деп отыр.

«7-20-25 бағдарламасының барлық артықшылығы оның жеңілдетілген шарттарына байланған. 7 – жылдық сыйақы мөлшері, 20% – алғашқы жарна, ал 25 – несиелеудің жылмен көрсетілген максималды мерзімі. Оған басында үйі жоқ, бұған дейін бұл бағдарламамен ипотекалық несие алмаған кез келген азамат қатыса алады. Бағдарламада айтарлықтай кемшіліктер жоқ. Ол өз уақытында банктік ипотека нарығына жан бітіру мақсатында әзірленген болатын. Қазіргі таңда ол лимиттелгендіктен, нарықтағы бағаға еш әсерін тигізбейтін болды», – дейді Айбар Олжаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →