×

Қазақстанда біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу

Қазақстанда біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді
azh.kz

Қазақстанда біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады. 

Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады.

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Атап өтейік, білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы жүзеге асырылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Кальканың бәрі тілдің жауы емес»: Анар Фазылжан қазақ тілін цифрландырудың маңызы жайлы сұхбат берді
Бүгін, 09:28

«Кальканың бәрі тілдің жауы емес»: Анар Фазылжан қазақ тілін цифрландырудың маңызы жайлы сұхбат берді

Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған
Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →