×

Аягөзде трансформатор өртеніп, қала жарықсыз қалды

Өрт кеше түнгі 23:00 шамасында Қабанбай көшесіндегі қосалқы трансформатордан шыққан

Аягөзде трансформатор өртеніп, қала жарықсыз қалды
Сурет: Бейнеден кадр

Аягөз қаласында трансформатор өртеніп, жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Аягөз ауданы әкімдігі мілімдеме жасады.

Қалада электрмен қамтамасыз ететін қосалқы трансформатор өртеніп, жарық беру тоқтатылды. Өрт сөндірушілер Қабанбай көшесінің бойында орналасқан трансформатордағы алапат өртті арнайы көбік қолданылып сөндірген.

«23:00 шамасында Аягөз қаласының электрмен қамтамасыз ететін орталық қосалқы станциясындағы өртке байланысты қалада жарық өшіп қалды. Қалада, ең алдымен, 6 орталықтандырылған жылыту қазандығын іске қосу жұмыстары басталды, оның ішінде қазіргі уақытта 5-і іске қосылды. Соңғысын іске қосу жұмыстары аяқталуда. "Біріккен энергосервистік Компания" АҚ (ЭЫДҰ) қызметкерлері ақауларды жою және тұрғындар үшін электр энергиясын беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын Үржар, Жарма, Өскемен және Семей қалаларынан келген "ЭЫДҰ" АҚ 7 бригадасы, сондай-ақ Аягөзден келген үш бригада жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды», – деп мәлім етті Аягөз ауданының әкімдігі.

Кент мағындағы 15 ауылда электр беру қалпына келтірілген. Дегенмен, Аягөз қаласы мен 7 ауылға әлі жарық берілмеген. Зардап шеккендер жоқ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →