×

"ArсelorMittal Темиртау" компаниясының жаңа басшысы үндеу жариялады

Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды

"ArсelorMittal Темиртау" компаниясының жаңа басшысы үндеу жариялады
Видеодан кадр

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының билігін Мемлекет басшысының тапсырмасымен тізгіндеген Вадим Басин ұжымға видеоүндеу жариялап, алдағы жоспарды қысқаша баян етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туған-туыстарымен кездескен кезде инвестормен серіктестік тоқтайтынын жариялады. Сонымен қатар, компанияның бүкіл ұжымына хабарланғаны – еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, ештеңе қысқармайды, алынып тасталмайды. Сол шарттар қалады әрі әлбетте, оларды жетілдіру істері қарастырылады. Бұл –  компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуде керекті шарт. Сол себепті ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, команданың бірде-бір мүшесінің құқығы шектелмейді», – деді Вадим Басин.

Оның айтуынша, көмір кендерінде алдағы уақытта ең басты назар қауіпсіздікті күшейтуге бағытталады. 

Еске сала кетейік, кеше, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында апат болып, кеншілер қаза тапқан болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барып, қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты. Олар Президентке жанайқайын жеткізді.

Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осы уақытқа дейін 36 кеншінің денесі табылған. 10 кенші әлі де іздестіріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →