×

«Ханның қызы»: Сандуғаш Тұрлыбекованың қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды

Қызылордалық белсендіге қандай айып тағылған

«Ханның қызы»: Сандуғаш Тұрлыбекованың қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды
Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекованы ұстау дерегі бойынша полиция түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіхалықоваға «ханның қызы» деп ат қойған белсенді, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстаған.

Оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі түсінік берді.

«28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр», – делінген хабарламада.

Полиция бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілері анықталғанын атап өтті.

«Процеске қатысушылардың жауабын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты тергеу соты оны күзетпен ұстау шарасын санкциялады. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді. Арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Жаңақорған аудандық полиция бөлімінде.

Еске салайық, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұратын көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекованың «екі адамды бопсалады» деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →