×

«Түркістан облысында қуаттығыш құралдан үш бала қаза тапты»: Облыс әкімдігі пікір білдірді

Аудиожазба «Whatsapp» желісінде тараған

«Түркістан облысында қуаттығыш құралдан үш бала қаза тапты»: Облыс әкімдігі пікір білдірді
Әлеуметтік желіде тараған фото

Әлеуметтік желіде Сарығаш ауданында тоққа тығулы тұрған қуаттағыш құралдан үш баланың қайтыс болғаны туралы айтылатын аудиожазба тарады. Осыған қатысты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жауап беріп, тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аудиожазбаны ер адам өзінің әріптестер тобына жіберген.

«Құрметті әріптестер, мына жағдай бізде, Сарығаш ауаданында, Абайда болыпты. Тоққа тығылып тұрған қуаттағыш құралды бір бала аузына салған. Содан тоқ ұрып, түтін шығып бастаған. Екінші бала барып, құтқармақшы болған, оны жабыстырған. Үшіншісі құтқармақ болған, ол да жабысқан. Сөйтіп үшеуі де қайтыс болып кетті. Сол үшін сақ болыңыздар. Қуаттағыш құралдарыңызды қосулы қалдырмаңыздар», – дейді ол.

Осыған қатысты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Whats app» желісінде тарап жатқан белгісіз азаматтың Сарыағаш ауданы, Абай ауылында үш кәмелетке толмаған баланың телефон қуаттайтын (зарядка) тоғына түсіп, қайтыс болғаны туралы бейнематериалы Түркістан облысының аумағында орын алмағанынын хабарлаймыз», – делінген әкімдік жауабында.

Әкімдік көпшілікті тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді
Кеше, 12:36

Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде 
Ол қызын 2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін зорлаған
Жігіт 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттарды көрсеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →