×

Алматы әуежайындағы көлік тұрағы қымбаттайды

Баға 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өседі

Алматы әуежайындағы көлік тұрағы қымбаттайды
Фото: Qaz365.kz/ B. Karipov

Алматы халықаралық әуежайындағы көлік тұрағы қымбаттайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр

«Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақ қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар мен өсіп келе жатқан пайдалану шығындарын ескере отырып, әуежайдың көлік тұрақтарына жаңа тарифтер енгізілетінін хабарлайды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Әуежай тарифтерді тұрақ қызметін жақсарту мақсатында көтермек. Тарифтерді арттыру есебінен әуежай басшылығы көлік тұрақтарын жаңаратып, келушіге барынша ыңғайлы етуді көздеп отыр.

“Жаңғырту жұмыстары барысында екінші қабатқа арналған жаңа кіреберіс пандусы салынып, тұрақ орындары кеңейтіледі. Бұдан бөлек көлік нөмірлерін автоматты түрде танитын цифрлық заманауи технологиялар енгізіліп, қызмет көрсету тетігі автоматтандырылады”, – делінген әуежай баспасөз мәлімдемесінде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →