×

Қазақстанға сырттан қысым жасалып жатқаны рас па? Бозымбаев жауап берді

Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ.

Қазақстанға сырттан қысым жасалып жатқаны рас па? Бозымбаев жауап берді
Үкімет

25 желтоқсан күні Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына байланысты Қазақстанға сырттан қысым жасалып жатқаны қаншалықты рас? Бұл сұраққа вице-премьер Қанат Бозымбаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Tengrinews.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды деп айтты. Яғни тергеу жұмыстары осында жүріп жатыр, ешбір ел біздің ісімізге араласуға тырысып жатқан жоқ деп отыр.

Қазақстан ұшақ апатын тергеуге мүдделі барлық елдердің тергеуге қатысуын қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен үш мемлекет: Әзербайжан, Ресей және өндіруші ел Бразилия. Олардың барлық өкілдері, барлығы 17 адам қазір жұмыс істеп жатыр. Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ. Сонымен қатар Қазақстан 1992 жылдан бері Чикаго конвенциясының мүшесі болып табылады. Оған сәйкес авиациялық зерттеулер жүргізу туралы шешімдерді тергеуді жүзеге асыратын мемлекет қабылдайды. Яғни, кімді тарту керек, кіммен жұмыс істеу керек деген секілді кез келген шешімді біз ғана қабылдай аламыз, - дейді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған AZAL жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Жолаушылардың алтауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 

Еске сала кетсек, бүгін Путин Әзербайжан президенті Әлиевке қоңырау шалып, кешірім сұрады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Кеше, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →