×

«Арабқұл» деп айтуды тоқтатыңдар». Депутат президенттің сөзінен кейін ескерту жасады

«Арабқұл» деп айтуды тоқтатыңдар». Депутат президенттің сөзінен кейін ескерту жасады
Фото: Parlam.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесін көтерген болатын. Осыдан кейін Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық сессиясындағы: «Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да» – деп айтқаны, сөзінің мәні мен сәні болғанын баса айтқым келеді.Сондықтан сынықтан сылтау іздеп, қоғамдық ортада қасақана алауыздық тудыратындарға, мен сендердің тілді білмейтін отандастарымызға, немесе мұсылман орамалын таққан қыздарымызға «арабқұл» деп айып тағып, жөн-жосықсыз қаралайтындарыңа мүлдем қарсымын және мұндай келеңсіз тіріліктеріңді тоқтатыңдар, – дегім келеді! - дейді депутат.

Ол Қазақстан халқы, осынау күрделі кезеңде құрыштай берік бірлікте, жасампаздық тірлікте өмір сүруіміз қажет деп отыр.

«Президентіміздің: «Елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ» – деген қоңыраулы сөзіне бар ықылас-пейіліммен қосыламын!, - дейді Айгүл Құспан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →