×

Абай және әл-Фараби даңғылдарына жаңадан төселген жолдың сапасы тексеріліп жатыр

Жол қабатының тығыздығы, қалыңдығы, су өткізгіштігі тексеріледі

Абай және әл-Фараби даңғылдарына жаңадан төселген жолдың сапасы тексеріліп жатыр

2023 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен көше-жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматының Абай және әл-Фараби даңғылдарына жаңа технологиямен төселіп жатқан асфальт жабындысының сапасы да тексеріліп жатыр. Ол үшін филиал мамандары жол қабатынан арнайы құрылғы арқылы керн сынамаларын алуда. Алынған сынамалар мекеменің зертханасына жіберіліп жатыр. Алматы филиланың бөлім басшысы Марат Қасымбаевтың айтуынша, тексеру жұмыстары жол жөндеуге тапсырыс берушімен арадағы келісімшарт аясында жүзеге асуда.

«Бұл сынамаларды алу арқылы жол қабатының тығыздығы, қалыңдығы, су өткізгіштігі арнайы құрылғыларда білікті мамандардың жіті бақылауында тексеріледі. Мұның бәрі барлық талапқа сай зертханада жүзеге асады. Сынамалардан алынған нәтижелер тапсырыс берушіге ұсынылады», – дейді Марат Қасымбаев.

Қаланың Абай және әл-Фараби көшелеріне құрамына титан қосылған полимерлі қиыршық тасты асфальтбетон жабындысы төселіп жатыр. Қалалық мобильдік басқармасының дерегінше, Алматы әкімдігі 2023 жылы ұзындығы 200 шақырым болатын 230 көшенің жолдарын жөндеуге 20 миллиард теңге қарастырған. Бұл қаржы көлемі 2022 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдіктері мен қала тұрғындарының өтініші бойынша бекітіліпті. Ал 2022 жылы қала әкімдігі ұзындығы 189 шақырым жолға 17,5 миллиард теңге жұмсады

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Кеше, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →