×

Қырғызстанның СІМ Бейбіт Шүменовтің қатысуымен болған дауға пікір білдірді

Жәбірленуші Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне шақырылды

Қырғызстанның СІМ Бейбіт Шүменовтің қатысуымен болған дауға пікір білдірді
turkystan.kz

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі 2023 жылдың 18 маусымында Астанадағы сауда үйлерінің бірінде қырғыз бен қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

13 шілдеде жәбірленуші Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне шақырылды. Елші Дастан Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

"Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша барлық қажетті процессуалдық әрекеттерді атқаруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", – делінген Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Астана қаласы полиция департаментінің дерегінше, 18 маусым күні 102 пультіне «Мега Силкуей» сауда ойын-сауық орталығынан екі ер адамның жұдырықтасып қалғаны туралы хабарлама түскен. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін Бейбіт Шүменов өз нұсқасын айтты. Мәдениет министрлігі де Бейбіт Шүменовтің басынан өткен жайтқа қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменов қатысқан төбелес бойынша Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін мәлім етті. ІІМ Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →