Қазақстанның халықаралық агрохабқа айналу әлеуеті бар
Қазақстанның халықаралық агрохабқа айналу әлеуеті бар. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz «Хабар 24» -ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, халықаралық бірлестік елдегі көптеген агрожобаны қолдауға дайын. Мәселен, биыл Қазақстанда қой шаруашылығы қорын құру жоспарда бар. Бұл бастама Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер арасында ет өнімдерін қосымша құн салығынсыз экспорттауға бағытталған. Егер елімізде бұл жоба сәтті жүзеге асса, осындай қорды басқа мемлекеттерде де ұйымдастыру көзделген.
“Бізге қой етімен айналысатын ірі компаниялар хабарласты. Көптеген ғалымдарды шақырып жатырмыз. Бұрын институт овцеводства болатын. Ол жұмысын қайта бастап жатыр. Біздің ойымызша келесі жылы біз ең бірінші экспортымызды қой етінен бастаймыз. 3 елмен жұмыс істеп жатырмыз. Катар, сауд Арабиясы, БАӘ. Келесі жылдың аяығна таман жақсы нәтижелер болуы тиіс”,- деді азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет