×

Ішкі істер министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді

Ол тергеу изоляторында жалаңаш жүруге мәжбүр болғанын айтқан болатын 

Ішкі істер министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бейтаныс адамдардың көзінше адамды жалаңаштау қалыпты жағдай ма деген сұраққа жауап берді.

«Қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында жүзеге асырылатын заңды әрекеттер және бұл әрекетті орындау кезінде азаматтың бастан кешіретін қолайсыздықтары азаптауға жатпайды. Бұл жеке тінту не қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен реттеледі және барлық азаматтар үшін бірдей. Оны уәкілетті лауазымды адам, яғни бұл жағдайда бір жыныстағы куәгерлердің қатысуымен тергеуші жүргізеді. Бұл жағдайда Дүйсенова ханымның қорғаушысы да болды. Ол бұл туралы өз пікірін білдірді», - деп жауап берді Марат Қожаев.

Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова қамауға алынған болатын. Кейін қамаудан қолхатпен босатылды. Осыдан кейін журналист Самал Қабышева тергеу мекемесінде Сандуғашты жалаңаш видеоға түсіріп, сағын сындырғысы келгенін айтты. Дүйсенованың өзі 8 сағат бойы уақытша ұстау изоляторында болған кезде көрген қорлығы туралы айтып, көмек сұрады. Ол тергеу кезінде төстартқышсыз ер адамдардың алдында жүруіне тура келгенін айтты. Кейін Жетісу полициясы журналист Сандуғаш Дүйсенованың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

  

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →