×

Мэлс Елеусізов: АЭС салсақ, Балқаштан айырыламыз

Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салу мәселесі бойынша жария тыңдау өтті

Мэлс Елеусізов: АЭС салсақ, Балқаштан айырыламыз
Vlast/ Жанара Каримова

Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салу мәселесі бойынша жария тыңдау өтті. Жиында танымал эколог Мэлс Елеусізов АЭС салсақ, Балқаштан айырыламыз деп айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балқашта орташа тереңдігі небәрі 6 метр. Мұны сізге өзім келіп айтқанмын (әкімге). Қазір жағдай өте қиын – Балқаштың деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. Атом электр станциясы Балқаш суымен салқындатылады.  Енді бәрі келіп, АЭС қажет деп отыр. Алайда мұны салсақ, Балқаштан айырыламыз», - деді Елеусізов. 

Ол ядролық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне ерекше назар аударды.

«Билік үнемі бізді атом электр станциясына салуды қолдауға итермелегісі келеді. АЭС салсақ, көптеген проблемасы бар. Біріншіден, ядролық қалдықтар.  Бұл бүкіл Жер үшін, адамзат үшін күрделі мәселе. Көбі, мұны әлі түсінбейді. Біз қазір Балқашты құтқаруымыз керек. Енді бұл жерде атом электр стансасын салуды ойламай-ақ қою қажет. Жақын арада Балқаш тартыла бастайды, өйткені мұздықтардың 44 пайызы еріп үлгерді. Көп ұзамай Балқашқа құятын Іле өзенінде су болмайды. Өзекті өртейтін жағдай. Мен біреудің ертегісін айтып отырған жоқпын. Сондықтан ойланайық», – деді эколог. 

Айта кетейік, АЭС құрылысына қатысты алғашқы тыңдау шумен аяқталды. Жергілікті тұрғындар стансаның салынуын қолдаса, белсенділер қарсы болды. Алғашқы тыңдаудың қорытындысы бойынша шешім қабылданған жоқ.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу қажет болса, бұл мәселе референдумға шығарылатынына уәде берген еді. Алайда шілденің 15-і күні Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →