×

Тоқаев: Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс

Аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі

Тоқаев: Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс
akorda.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.  Президент Жолдауды іске асырылған мақсаттардан бастады.

“2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды.

Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады”.

Одан кейін ел экономикасы туралы сөз қозғалды. 

“Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. 

Қазақстан жаңа экономикалық үлгеге өтуі керек. 

“Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.

Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі”, – деді Тоқаев. 

 

Жолдауды біздің сайтымыздан көре аласыз:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →