×

Қазақ тілін «мәмбеттер тілі» деп атаған алматылық бойжеткенге қатысты тергеу басталды

Әлеуметтік желілерде тараған видео жазбасында бойжеткеннің ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Қазақ тілін «мәмбеттер тілі» деп атаған алматылық бойжеткенге қатысты тергеу басталды

Әлеуметтік желілерде алматылық бойжеткеннің қазақ тілін жамандап сөйлеген видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда, ол – «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі – «мәмбеттердің» тілі», – деді бойжеткен желіде.

Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →