×

Қазақстанда киік аулау мерзімі белгіленді

Құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқылауына ұсынылды

Қазақстанда киік аулау мерзімі белгіленді
Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды аулау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзгерістер аң аулау уақытына түзетулер енгізуді көздейді. 2024 жылдан бастап 1 қазан мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етіледі.

Еске салайық, биыл Қазақстанда киіктердің санын реттеу туралы Экология министрінің бұйрығы 6 қазаннан бастап күшіне енді. Министрліктің көктемгі әуе есебі бойынша мәліметінше, Қазақстандағы киіктер саны 2 миллионға жақындады. Ал биылғы төлді қосқанда 2 миллионнан да асып түскен болуы керек.

Соған сәйкес, киіктердің оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқартуға шешім қабылданған.

«Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды», – делінген құжат жобасында.

Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату көзделіп отырғанын айтты. Министрдің айтуынша, ақбөкендер ауылшаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген.

Қазақстандық зооқорғаушылардың айтуынша, елде киіктерді ату науқаны басталғалы киіктер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →