×

«Тік ішегін жарып жіберген»: Алматы облысында баланы зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды

Оқиғаның болғанын Ішкі істер министрлігі растады

«Тік ішегін жарып жіберген»: Алматы облысында баланы зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды
k1news.ru

Алматы облысында баланы зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды. Оқиғаның болғанын Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“2 қарашада Қарасай ауданының полиция басқармасына Қошмамбет ауылының 43 жастағы  жергілікті тұрғыны арызданды. Әйел таңғы сағат 7:00 шамасында өзінің ұлына белгісіз ер адамның тарапынан сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған. Бұл факт ҚР қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді”, – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 1963 жылы туған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында 60 жастағы ер адам 7 жастағы ұлды зорлап, тік ішегін жыртып жіберді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Осы оқиғаға байланысты ауыл тұрғындары жәбір көрген баланың ауласына жиналып, өз ойларын ортаға салған.

“Мектепте балаға зорлық көрсетілді деген хабар түсті. Сосын мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психолог – үшеуі шұғыл түрде осында келді. Бірақ ол тұста баланы ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер мұғалімдерді кіргізбеген. Анасының рұқсатынсыз сот сараптамасы шықпай, ешқандай ақпарат бере алмаймыз деген. Тікелей жауапкершілік ата-ананың мойынында болып тұр”, – дейді ауылдағы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →