×

Марафоншы Марат Жыланбаев сотталды

Сот жабық түрде өтті

Марафоншы Марат Жыланбаев сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Астана соты марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған болатын.

29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны (ҚР ҚК 258-бабы 2-бөлігі), сондай-ақ оның қызметіне қатысқаны үшін (ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі) Марат Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды.

Соттың ақпаратынша, «Жыланбаев Қазақстан аумағында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының (ҚДТ – ред.) жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған».

«Сот үкімімен Жыланбаев Қылмыстық кодекстің  258-бабы 2-бөлігінде және 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды», – деп хабарлады сотта.

Бұған дейін прокурор тіркелмеген партияның азаматтық белсендісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот жас баласының болуын және сотталушының бұрын-соңды сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →