×

Назарбаев Путинге авторлық кітабын тарту етті

Назарбаев авторлық кітабын Путинге сыйлады

Назарбаев Путинге авторлық кітабын тарту етті
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге жақында шыққан «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» кітабын сыйға тартқан. РБК ресейлік басылымы осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабын Владимир Путинге сыйлық ретінде жіберді. Дмитрий Песков (Путиннің баспасөз хатшысы) "авторлық көшірме" Ресей Президентіне табысталатынын жазды», – деп жазды РБК тelegram арнасы.

Назарбаев кітабында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан аумақтарын қайта қарау туралы "қажетсіз әңгімелерді тоқтатты" деп жазады.

«Қазақстан – Ресей қатынастарындағы сапалы жаңа кезең мемлекет басшылығына Владимир Путиннің келуімен басталды. Путиннің президенттігі Ресей тарихына ерекше кезең ретінде енетініне ешкім күмәнданбайды. Мұны оның жаулары да мойындайды.

Путин елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, биліктің беделін нығайтты. Отанын әлемдік державаның биіктігіне көтерді. Ол сөздің әрі істің адамы. Владимир Владимирович екеуміз мемлекет басшылары ретінде жиі кездесетінбіз, бір күні ол тіпті «Қазақстанға тіркелетін шығар» деп қалжыңдады. Шынында да, біз жылына сегіз ретке дейін кездескен кезіміз болды»,  – деп еске алады мемуар авторы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →