×

Полицейлер Алматыдан Астанаға есірткі жеткізумен айналысқан орталықты әшкереледі

Астанада мефедронды жеткізудің үлкен арнасы жойылды

Полицейлер Алматыдан Астанаға есірткі жеткізумен айналысқан орталықты әшкереледі
Фото: polisia.kz

Жалпы және арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

6 қаңтарда Астанада логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды.

Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 келі мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді. Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 миллион теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.

«Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ол өте жақсы адам»: Перизат Қайрат жайлы тағы бір мәлімет жарияланды
Бүгін, 16:45

«Ол өте жақсы адам»: Перизат Қайрат жайлы тағы бір мәлімет жарияланды

20 шақты пәтер қайырымдылық мақсатқа бөлінуі керек болған.
Запастағы офицерлер жиырма төрт ай мерзімге шақырылғалы отыр
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 54 млн теңге

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →