×

Google компаниясы қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығарып жатыр

12 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін

Google компаниясы қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығарып жатыр
ашық дереккөзден

Әлемдік алпауыт GOOGLE компаниясы қызметкерлерін жаппай қысқартып жатыр. Бұл туралы Google компаниясында қызмет ететін қазақстандық Арман Өтемұратов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арман Өтемұратовтың айтуынша, 12 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда АҚШ-тағы қызметкерлері қызметінен кететіні не кетпейтіні туралы хабарламаларды алып қойған. Жақын арада өзге елдердегі қызметкерлеріне де хабарбарлама жіберіледі. Арман Өтемұратовтың өзіне де. 


"Алайда жұмыстан шыққан қызметкерлерге өтемақы төленетін болды. 16 аптаның ақшасы және әрбір жұмыс істеген жылға 2 аптаның ақшасы беріледі. Мысалы, 3 жыл жұмыс істеген болса шамамен 5-6 айдың айлығы төленеді", - деді Арман Өтемұратов. 

Ал мұндай қызқарту дағдарыспен байланысты. Оның айтуынша, компанияның эконмикалық жағдайы тұрақты емес. Өйткені пандемия кезінде акциялар өсіп, инвесторларды көбірек тартып көптеген жұмысшылар алған. Ал COVID-19 аяқталған соң инвесторлар кете бастаған және компанияның әлеуеті әлсіреген. Сондықтан қызметкерлерді қысқартып компанияны оңтайландыру мақсатында осындай қадамға барып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →