×

Алматыда әйел ұлын пышақтап, артынша өзіне қол жұмсаған

Ол бұрынғы күйеуіне өзінің ішіне жын кіріп кеткені жайлы хабарлама жіберген

Алматыда әйел ұлын пышақтап, артынша өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзден

Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы
Бүгін, 16:19

Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы

Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →