×

«Унитазға ағызып жіберді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі ажырасуына себеп болған шындықты айтты

Жылдар бойы жиналған ашу-ыза бір күнде жарылған

«Унитазға ағызып жіберді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі ажырасуына себеп болған шындықты айтты
©️ youtube/@Assel_Kozhakova

Қуандық Бишімбаевқа қатысты осыған дейін құпия болып келген ақпараттар шығып жатыр. Оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман «Умные люди с Асель Кожаковой» YouTube арнасына берген сұхбатында экс-министрмен бірге өмір сүрген жылдарын еске алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Екеуінің ажырасуына бір жағдай қатты себеп болған. Жылдар бойы жиналған ашу-ыза бір күнде жарылған. Яғни, «1000 күн сынбаған шөлмек бір күнде сынады» деген мақал дәл келіп тұрғандай.

«Ол өзінен-өзі маған шабуыл жасап, ұстап алды. Сол кезде менің мүлде кінәм болған жоқ. Мен телефонды алып, полицияға қоңырау шалуды шештім. Өйткені бұған дейін оның маған саусағының ұшы тиетін болса,  қажет жерге қоңырау шаламын деп ескерткен едім. Сөйтіп мен қоңырау шалдым, оған ол өте қатты ашуланды. Менің жағдайымда полицияға қоңырау шалу қате шешім болды. Полицияға қоңырау шалғаннан кейін ол менің телефонымды алып, унитазға ағызып жіберді», - дейді Назым Қаһарман.

Ол сотта Бишімбаевтың Салтанат Нүкеновамен тұрған жылдары есікті сындырды дегеніне сенетінін айтты. Өйткені өз басында осындай жағдай өткен.

«Осы ұрыста ашуланғанда унитаздың қақпағын жұлып алып, бар күшімен маған қарай лақтырып жіберді. Мен қашып, ас үйге барып тығылдым. Рас үйдің есігін ұрып, сындыра бастады, уақыт таңғы 4-5 шамасы еді. Мен ас үйдің есігін ашып, ұлдарымның бөлмесіне қарай жүгіруге мәжбүр болдым. Үлкен ұлым сол кезде 10 жаста еді, ол кереуеттің екінші қабатынан секіріп, «әке, әке, өтінемін» деп жалынды. Ұлым осылай әкесін басты, мен де жағдайды түсініп, оны алдап, басуға тырыстым. Себебі мен жанжалды одан әрі шиеленістіру жақсылыққа әкелмейтінін түсіндім», - дейді бұрынғы әйелі.

Назым бәрі басылғаннан кейін оған ажырасқысы келетінін айтқан. 

«Ол ұзақ уақыт бойы кеткісі келмей, уақыт созып жүрді. Тек 2 айдан кейін ғана үйден толық көшіп кетті»,- дейді экс-министрдің экс-әйелі.

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуімен өмірін былай деп суреттейді:

«Құдды қолында гранатасы бар маймылмен өмір сүргендеймін, себебі қай уақытта жарылатынын білмейсің», - деді ол.

Үш баланың анасы Бишімбаевпен айырылысқан соң ғана бақыт дегеннің не екенін түсінгенін айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →