×

Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне Елшілік үндеу жасады

Түркия Президенті елдегі жоғары оқу орындары онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады

Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне Елшілік үндеу жасады
azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап.

«Өздеріңізге белгілі болғандай, 6 ақпанда Түркияның Оңтістік-Шығыс аймағында орын алған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді.

Осыған байланысты Түркия Президенті елдегі жоғары оқу орындары (ЖОО) онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады.

“Айта кетейік, Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес. Онымен қоса, Түркияда тұрып, сабақты онлайн жалғастыра алады», - делінген Елшілік мәліметінде.

Тиісті көмек және консультация алу үшін қазақстандық студенттер мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

Анкарадағы Елшіліктің жауапты провинициялары: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кутахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяаман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гумушхане, Трабзон, Байбурт, Бинголь, Диярбакыр, Мардин, Батман, Ширнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан.

Байланыс нөмірлері:

1. Консул Темірлан Сайлауұлы - +90 538 880 70 41;

2. Үшінші хатшы Даурен Кубенов - +90 536 673 78 07;

3. Консулдың көмекшісі Алихан Нұрсеитов - +90 552 896 07 04;

4. Кезекші комендант - +90 312 491 91 00;

Электрондық пошта: ankara@mfa.kz

Антальядағы Бас консулдықтың жауапты провинциялары: Анталия, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин.

Байланыс нөмірлері:

1. Вице-консул Асем Байтишова - +90 553 941 42 75;

2. Сарапшы Жандос Ранов - +90 536 489 64 11;

3. Кезекші комендтант - +90 242 324 26 11;

Электрондық пошта: antalya@mfa.kz

Ыстанбұлдағы Бас консулдықтың жауапты провинциялары: Ыстанбұл, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдаг, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дуздже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын.

Байланыс нөмірлері:

1. Консул Қанат Тұрыбаев - +90 541 116 53 86;

2. Консул Ертай Ерғалиұлы - +90 506 774 53 77;

3. Кезекші комендант - +90 212 662 53 47;

Электрондық пошта: istanbul@mfa.kz

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →