×

Жетісу облысының Алмалы ауылында әлеуметтік нысандар салынады

Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын бар

Жетісу облысының Алмалы ауылында әлеуметтік нысандар салынады
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қаратал ауданының Алмалы ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан салынады. Атап айтқанда, мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. Бұл туралы бүгін Қаратал ауданына барған жұмыс сапарында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Ауылдағы ескі мәдениет үйі 2000 жылдан бері қолдануға жарамсыз күйде тұрған болатын. Бұл тозығы жеткен нысан сүріліп, ауылда халықтың өтініші негізінде биылғы жылы блокты-модульды конструкциядан мәдениет үйі тұрғызыла бастады. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар өткізуге, ал балалар мен жастар түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Бейбіт Исабаев ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында мәдениет үйінің құрылысы келесі жылы жазда аяқталатынын айтты.

Сонымен қатар ауылдық аурухананың жанынан бір ауысымда 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амулатория бой көтереді. Қазіргі кезде конкурстың қорытындысы шығып, құрылысын жүргізетін мердігер ұйым анықталды.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияның салынатынын ауылдық аурухананың мамандары қуана құптаған:

– Елді мекендегі ауылдық аурухананың ғимараты 1980 жылы салынған.  Оған тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Ғимараттың өзі ескіріп, материалдық-техникалық базасы тоза бастағандықтан, жанынан жаңа стационар дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданғанын естіп қуандық. Енді қазіргі аурухана ғимараты стационар ретінде, ал жаңа нысан ауылдық емхана ретінде қолданылады. Қазір ауруханада 14 медициналық персонал жұмыс істейді, – дейді Алмалы ауылдық ауруханасының меңгерушісі Мақпал Сұлтан.

Сол сияқты оөңір басшысы келесі жылы «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автожолының 145-ші шақырымындағы Алмалы көпірі де жасалатынын жеткізді.

– Ауылдарыңызда мектеп пен аурухана бар, енді замауани дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі салынады. Өткен жылы Көпбірлік ауылына, биыл Алмалыға жедел жәрдем көлігін бердік. Сонымен қатар ауылдың ішкі көшелерін жөндеуге, жарықтандыруға көңіл бөлеміз. Оған қоса сіздердің өтініштеріңізге орай типтік жобамен халық санына сәйкес спорт кешенін саламыз деп шештік. Осылайша ең алдымен ауылдың инфрақұрылымын жақсарттық, екінші кезекте қажетті әлеуметтік нысандар салынуда, ендігі кезекте шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару керек. Ол үшін «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың қолдау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев. 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →