×

«Әрдайым Төлеген жоқта Бекежан пайда болады»: Қос актердің кездесуі қызу талқыланды

Желі қолданушылары Қыз Жібек пен Бекежанға тәнті болып, өз ойларын жазған

«Әрдайым Төлеген жоқта Бекежан пайда болады»: Қос актердің кездесуі қызу талқыланды
Видеодан кадр: Instagram/juldiz_kazichan

Әлеуметтік желіде әйгілі ғасыр киносы «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлдерді ойнаған Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімовтың кездесуінен видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Онда Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімовтың құшақтасып тұрғанын көруге болады. 

«Тарихи сәт. Қыз Жібек пен Бекежан кездесті. Кинодан екеуміз ғана қалдық деп тұр. Қандай керемет сәт», – деді видео авторы. 

Ал желі қолданушылары Қыз Жібек пен Бекежанға тәнті болып, өз ойларын жазған. Айтыскер ақын Балғынбек Имашев «Как всегда Төлеген жоқта Бекежан появляется!» деп әзілдеген.

«Аңыз адамдар ғой. Аман болыңыздар! Сұлулықтың ,адами қасиеттің символдары», «Қандай керемет сәт»,  «Қандай керемет жандар», «Керемет көрініс», «Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Осы кіселердің киноларын көріп өстік», «Шынымен кинодан екеуі ғана қалды», – деген пікірлер бар. 

Айта кетейік, Төлегеннің рөлін сомдаған Құман Тастанбеков 2017 жылы Ақтау қаласында дүниеден өткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →