×

Грантқа түсе алмаса да, арманынан бас тартпаған медицина студенті ұшақта жолаушыны аман қалып қалды

Ол жүрекке жасанды массаж жасап берген екен

Грантқа түсе алмаса да, арманынан бас тартпаған медицина студенті ұшақта жолаушыны аман қалып қалды

Қызылордадан Астанаға бет алған Qazaq Air әуе компаниясының ұшағында бір жолаушы кенеттен есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сол кезде бортсеріктер борттан медицина қызметкерлерін сұрағанда жолаушыларың арасынан жас жігіт суырылып, қолын көтерген. Ол жүрекке жасанды массаж жасап берген екен. Мұның барлығын істеген жас жігіттің есімі - Дінмұхамед Бектұрған. Қызылорда қаласындағы қарапайым мектептің түлегі. ҰБТ-дан 117 балл алса да, жалпы медицинаға грантқа жетпей қалған.

Ұшақта бортсеріктің бізде медицина маманы бар ма? дегенін естідім. Жан-жағына қарадым, ешкім ұмтылмады. Сосын мен сұрандым. Шамам 50 жастағы кісі екен. Сол адамға көмек қажет болды. Ол жолаушының шағымдары бар екен. Кеуде қуысы қысылып қалған. Нақтылайтын сұрақтар қойдым. Жүрек қысымы сол жаққа беріле ме? Ол адам «иә» деді. Бортсеріктен бірден танометр сұрадым.  Қысымын өлшедім. Төмендеп кеткен екен (100/60). Бір минуттың ішінде есінен танып қалды. Тыныс алуы тоқтады. Жолаушыны жатқызып, білетін шараларымды жасадым. Бірден есін жинады. Әуежайға дейін жеткіздік. Бірден «Жедел-жәрдем» қабылдап алды, - дейді Дінмұхамед Бектұрған.

Сонда да Димаш өз арманынан бас тартпаған. Астана медицина университетінің ақылы бөліміне түскен. Бірақ бір семестрден кейін өз біліктілігін көрсетіп, грант бөліміне ауысқан. Қазір 7 курста оқиды. Үш тілде еркін сөи‌лейтін көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Бүгін, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →