×

Алматыда жасөспірімдерге вейп сатқан жасырын Telegram-дүкен әшкереленді

Бұл жағдай балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.

Алматыда жасөспірімдерге вейп сатқан жасырын Telegram-дүкен әшкереленді
ҚМА

Алматы қаласында Қаржы мониторингі агенттігі тыйым салынған вейп өнімдері мен құрамдас сұйықтықтардың заңсыз айналымына қарсы ірі операция жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арнайы операция барысында «ESCOBAR OPTOM» атауымен Telegram желісінде жұмыс істеген жерасты дүкені анықталған. Бұл арна арқылы түрлі дәмқосқыштар мен вейп құрылғылары құпия түрде сатылып, тауарлар курьерлер арқылы қала тұрғындарына жеткізіліп отырған.

Жедел іздестіру шаралары кезінде заңсыз қоймалар мен сату нүктелерінің мекенжайлары анықталып, тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, заңсыз бизнестен түсетін табыс 1 миллиард теңгеден асып кетуі мүмкін, – делінген мәліметте.

Тергеу барысында аталған өнімдердің мектеп жасындағы оқушылар арасында кеңінен тарағаны және вейптің қасақана жасөспірімдерге бағытталып сатылғаны белгілі болды. Бұл жағдай балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, қосымша мәліметтер жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →