×

Мерзімінен бұрын шығады: сот Бақытжан Байжановтың өтінішін қанағаттандырды

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы тиіс болатын.

Мерзімінен бұрын шығады: сот Бақытжан Байжановтың өтінішін қанағаттандырды
Жоғарғы сот

Степногор қалалық сотында Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қаралды. Ол сот отырысын БАҚ-тың қатысуынсыз өткізуді қалағанымен, судья Әкішев бұл өтінішті қанағаттандырмады, деп жазады Qaz365.kz.

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы тиіс болатын. Енді ол мерзімнің үштен бір бөлігі - сегіз ай сегіз күнге қысқарып, Бақытжан Байжанов 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады.

Сот шешіміне колония өкілдерінің Байжановқа берген жағымды мінездемесі мен соттың талап-арыздары толық өтелгені әсер етті:

Жазасын өтеу барысы – оң сипатта. Сот үкімі бойынша талаптар толық көлемде өтелген. Ұстау жағдайларындағы тәртібі – бірінші оң деңгейде, екі мәрте көтермеленген.

Прокурор да бұл пікірмен келісіп, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың інісі. Екеуі де Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған. Байжанов аса ауыр қылмысты жасырып қалды деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Ол өз кінәсін мойындамаған және апелляциялық шағым берген, алайда сот үкімі өзгеріссіз қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →