×

Депутат ақылы автотұрақ санын қысқартуды ұсынды

2021 жылы тек Астана қаласында ақылы тұрақтар саны 20 есеге артқан

Депутат ақылы автотұрақ санын қысқартуды ұсынды
egemen.kz

Мәжіліс депутаты С. Нұртаза премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярге жолдаған депутаттық сауалында ақылы автотұрақ мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазіргі кезде еліміздің ірі қалаларында ақылы көлік тұрақтары қаптап кеткен. Бастапқыда аталған көлік тұрақтары көшелердегі көлік ретсіздігін шешуге бағытталғанымен, түптеп келгенде мәселе шешілмеді, керісінше әлеуметтік наразылықтарға негіз болар сұрақтар туындатты.

Бірінші. Автотұрақтарды орналастыру мәселесі.

Іс жүзінде мегаполистердегі бұл нарықты бірнеше оператор монополияландырып алған. Олар алғашында адам көп баратын орталық және іскерлік аудандарда ақылы тұрақтарды аша бастады. Алайда, 2021 жылы тек Астана қаласында ақылы тұрақтар саны 20 есеге артқан.

“Ақылы автотұрақтарға коммерциялық орталықтар, қоғамдық орындар тіпті, құрылыс нормалары мен қағидалар бұза отырып әлеуметтік объектілер келушілеріне арналған жерлер берілді. Тұрғындары тиісті кондоминиум рәсімдеп үлгермеген тұрғын алаптар мен тыныш аудандарда да ақылы тұрақтар пайда бола бастады”, – делінген депутаттық сауалда

Екінші. Шарт талаптарына байланысты.

Жеке серіктестерге еш қаражат жұмсауды қажет етпейтін, жұмыс істеп тұрған автотұрақтар беріледі. Жеке серіктес төлем алу  құрылғыларын орнатады. Кірістің 95 пайызы жеке серіктеске, ал 5 пайызы мемлекетке түседі. Абаттандыру, жолды жөндеу және көшені жинау шығындарын қала әкімдігі көтереді. Шарт талаптарын әлеуметтік әділеттілік тұрғысынан қайта қарау абзал.

Үшінші. Айыппұл салу жүйесі.

Ақылы автотұрақтар үшін арнайы айыппұл түрі енгізілген және айыппұл сомасы – 10 350 теңгені құрайды. Яғни, азаматтарымыз 100 теңге төлемеген жағдайда, 10 мың теңге төлеуге мәжбүр. Бұл дегеніміз 100 есе көп.

“Бұл айыппұлдарды автотұрақ әкімшілері емес, Ішкі істер министрлігі алып отырады. Әкімдік пен ақылы автотұрақ операторларының өзара осындай қарама-қайшылық қатынастары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік талаптарына сай келмейді”, – делінген сауалда.

Осы айтылған жағдайларға байланысты “AMANAT” партиясы фракциясының депутаты:

- ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын жерлерде ғана қалдырып, олардың санын қайта қарап, қысқартуды ұсынады;

- ақылы көлік тұрақтарын қадағалайтын мемлекеттік операторды құру мүмкіндігін қарастыру немесе мемлекет пен жеке меншік секторының серіктестігі туралы шарттардың талаптарын қайта қарап, жеке меншік серіктестерге берілген аумақтарды күтіп ұстау қызметін жүктеу өзекті;

- жеке тұлғалар мен ақылы автотұрақтардың жеке меншік операторы арасындағы шарт талаптарын бұзғаны үшін айыппұл өндіру рәсіміне құқықтық баға берілуін сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →