Бұған дейін Қайрат Сатыбалды базардың басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылдың 17 қаңтарында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.
«Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.