×

Түркістанда 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы шілде айында аяқталады

Қалада көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр

Түркістанда 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы шілде айында аяқталады
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жоба бойынша конкурс жүргізіліп, қорытындысында мердігер «Эристайл-Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Екі жақты келісім бойынша демеуші тарапынан конкурстың қорытындысымен ақпараттандырылды. Қазіргі уақытта, демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Құрылысының құны – 155,3 миллиард теңге. «Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы» жоспарда», - дейді Асхан Байдуалиев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда, жобалау жұмыстары 70% аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны – 35 миллиард теңге.

«Түркістан қаласында шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы» анықталған (Жобалау сметалық құжаттама аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Мердігерді анықтау бойынша тендер өткізіліп, жеңімпаз болып «Эристайл Казахстан» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта, демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Жобаның құны 9,6 миллиард теңге).

«Сарыағаш  қаласында    300   төсек    орындық  перинаталды орталығы бар медициналық кешен құрылысы» жоспарлануда (Қазіргі таңда, жобалау сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарлануда)», - дейді басқарма басшысы.

Ал Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы 2024 жылдың шілдесінде аяқталуы тиіс екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →