×

Маралдыға ауызсу тартылып, көшелерін жарықтандырып жатыр

Қазір жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде

Маралдыға ауызсу тартылып, көшелерін жарықтандырып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылының көшелеріне жарық беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені мұнда жалпы ұзындығы 1,6 шақырым болатын көше бойына жарық шамдар орнатылатын болады. Қазір жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.  

Сонымен қатар елді мекенде бұрын-соңды болмаған шағын футбол алаңы мен воркаут жаттығу алаңы салынып жатыр. Сөйтіп балалар мен жастардың денешынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына тамаша мүмкіндік жасалмақ.  

Ауылдық округ әкімі Бауыржан Сейілханов ауызсумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының үйіне орталықтандырылған ауызсуды тегін тартып беріп жатырмыз. Бүгінде белгіленген он үйге су құбыры кіргізілді. Мұның бәрі Маралдыға тың серпін беретін жұмыстар. Енді балаларға футбол, воркаут алаңдары салынса. Ауылдың көшелеріне асфальт төселіп жатыр»,- деді Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →