×

«Үш журналиске бес бастық»: Айлықтары аз шымкенттік журналистер министрден көмек сұрады

Экс-редактордың желіде жалақы алмағанын айтқаны үшін оны сотқа тартқан

«Үш журналиске бес бастық»: Айлықтары аз шымкенттік журналистер министрден көмек сұрады
Фото: Youtube / Айгүл Орынбек-LIVE

Шымкент әкімдігі құрылтайшылық ететін  «Шымкент келбетінің» экс-қызметкерлері «Жүйе» бағдарламасында сұхбат беріп, ұжымдағы дау-дамайды, қаржылық мәселелерді айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шымкент келбеті» газетіне 5 ақпанда бас редактор болып тағайындалдым. Бірақ ұзақ істемедім, 9 шілдеден жұмыстан кеттім. Оның себептері көп. Мен барғаннан айқай-шу көп болды. Жаңа басшылар келді. Олармен жұмыс істесе алмайтынымды түсіндім. Сый-құрметім төмендеп кетпей тұрғанда осы жерден тоқтасын деп арыз жазып кеттім», – дейді экс-редактор Гүлжамал Мұсаева.

Экс-редактордың желіде жалақы алмағанын айтқаны үшін оны сотқа тартқан. Қазір бұл мәселе қаралып жатыр екен.

Ал журналист Гүлнұр Мұсаева газетке 2023 жылы тілші ретінде кірген. Ол айлығы 130 мың теңге болғанын, демалыстарда істегеніне ақысы төленбегінін айтты.

«Басында 8 журналист істедік. Кейін айлық аз болып, үшеуге дейін азайып қалдық. Бірақ айлық қосылмады. Басында жалақыны көтеруге уәде еткен, бір жылда ештеңе өзгермеді. Сосын ұжымның ішінде берекесі кетті. Соңғы үш айда медициналық сақтандыруға, зейнетақы қорына төлемдер аударылмаған», – дейді Гүлнұр Балабасова.

Оның айтуынша, газетке үш журналистке бес бастық болған. Директордың екі орынбасары,кеңесшісі, бас редактор, жауапты хатшы бар екен.

Гүлнұр Балабасова бастығы көп мекемеде айлық аз болғандықтан қосымша жұмыс істедім деп отыр.

«130 мың теңге 4 баламды асырауға жетпейді. Жұмыстан кейін қосымша жұмыс істеуге тура келді. 3 ай бойы жалақы алмаған кезде сырттан табыс келген жоқ. Сол кезде мен бәліш пісіріп сатумен айналыстым. Ұят болса да айтамын», – дейді журналист.

Олар осы ретте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан көмек сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →