×

Түркістанда мәйіттік донордың бүйрегі 6 баланың әкесіне бұйырды

Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет жасалды

Түркістанда мәйіттік донордың бүйрегі 6 баланың әкесіне бұйырды
Фото: Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донордың ағзасын алып, мұқтаж адамға салу отасы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жол апатынан кейін комаға түсіп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің бүйрегін тараздық тұрғын, 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа бұйырды. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа 18 жасар жігіттің бүйрегін салу отасы сәтті өтті. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалған трансплантациялық ота 2 сағатқа жалғасты. 

Дәрігерлер донордың бүйрегі еліміздегі үш адамға сай келгенінен, бірақ дәл осы науқастың сәйкестігі басым болғанын айтты. Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет жасалып отыр.

«Қазіргі жағдайда ол кісінің жағдайы тұрақты, наркоздан толығымен оянған. Салынған бүйрек толығымен жұмысын атқарып отыр. Салынған бүйректен 2-литрден астам зәр шығып отыр. Бұл дегеніміз бүйрек өз жұмысын орындап денеден барлық улы заттарды шығарып отыр. Болашақта бұл бүйрек дұрыс жұмысын атқарса, бұл науқасқа гемодиалез мүлдем қажет болмайды», — дейді  Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков.

Рецепиенттің жұбайы Перизат Әбдраимова күйеуіне бүйрегін беруге 1 айдан бері дайындалып, анализ тапсырып жүрген. Беларусь Республикасында бүйрек ауыстыру отасын жасауға 30 млн теңгеден астам ақша сұраған көрінеді. 

Дәрігерлер 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа хабарласып, «сізге донор табылды» деп айтқанда, олар бұған сенбепті. Кейін жергілікті дәрігер хабарласып, растаған соң, бірден заттарын жинап, жолға шыққан.

«Анализ келгенше мен осы клиниканың алдында қондым. Алладан қатты тіледім. Бізге бұйырды. Жүрегіммен сездім. 3-4 адамды шақырды. Кімдікі сәйкес келеді екен деп үлкен үмітпен күтіп отырдық. Кеше сағат екі жарымда қорытындысы келгеннен кейін дәрігер бәрімізді шақырып, кімдікі қанша сәйкес келетінін айтты. Бірден операцияға алып кетті», – дейді науқастын жұбайы Перизат Әбдраимова.

Айта кетейік, донордың екінші бүйрегі Астанаға жіберіліп, 16 жасар балаға салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды
Бүгін, 18:04

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам
Биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді
Бұл ұйым елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізбек болған  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →