×

Алматыда мектеп басшылығы сотталды

Үкім заңды күшіне енді

Алматыда мектеп басшылығы сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында мектеп директорының орынбасары мен бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, екеуі 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сан алуан төлемдерді негізсіз жасаған.

«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді. Бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған қоса, олар коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →