×

Талғарда бірнеше Елтаңба мен Ту қоқыс алаңынан табылды

Қоқыс полигонының Қайнар ауылдық округіндегі жекеменшік аумақта орналасқан

Талғарда  бірнеше Елтаңба мен Ту қоқыс алаңынан табылды
Сурет: видеодан кесіп алынды

Алматы облысы Талғар ауданында белгісіз біреулер мемлекеттік рәміздерді қоқысқа тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр. Талғар ауданының әкімдігінің мәліметі бойынша, қоқыс полигонының Қайнар ауылдық округіндегі жекеменшік аумақта орналасқан.

"Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қоқыста тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мемлекеттік рәміздермен бірге колледж құжаттары табылды. Рәміздер қоқыстан шығарылды. Жою жұмыстары мемлекеттік ту мен рәмізді ауыстыру және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі", – деді Талғар ауданының әкімдігі. 

Ведомство өкілдері мемлекеттік рәміздердің Талғар ауданындағы мекемелерге тиісті емес екенін жеткізді.

"Мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір Талғар аудандық полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін тиісті шаралар қабылдауда. Кінәлілерге қатысты тиісті шара қолданылады", – делінген полиция хабарламасында. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →