×

7 жасар астаналық бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды

Балықшылар бірден суға батып бара жатқан балаға көмекке барады

Астанада балықшылар мұз ойылып, суға құлаған 7 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бойынша "102" жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

"Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген адамдардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған", – делінген хабарламада.

Қазір баланың жағдайы жақсы.

"Астана Полиция департаменті ата-аналарға балаларымен мұзға шығудың қауіптілігі туралы ұдайы айтып отыруды ескертеді. Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытып, олардың қауіпсіз аймақта жүргеніне көз жеткізгеніңіз абзал. Сондай-ақ, мұндай мұзды аумақта серуендеуден бас тартқаныңыз дұрыс", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дәретханада оқушы қайтыс болған мектептің директоры қызметінен кетті
Бүгін, 16:29

Дәретханада оқушы қайтыс болған мектептің директоры қызметінен кетті

Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →