×

Астаналық полицейлер ата-аналарға ескерту жасады

Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің үш фактісі тіркеліп, екі бала қаза тапты

Астаналық полицейлер ата-аналарға ескерту жасады
Фото: canva.com

Елордалық полиция жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің үш фактісі тіркеліп, екі бала қаза тапты.

Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар өздігінен тірек ретінде әртүрлі жиһаздарды пайдаланып, терезе алдына шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кеткен. Сонымен қатар, құлап кетудің басым көпшілігі ересектердің балалардың мінез-құлқын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде блокаторлардың болмауынан, жиһаздардың дұрыс орналастырылмауынан, бұл балаларға терезенің алдына өздігінен шығуына мүмкіндік береді.

Астана қаласының Полиция департаменті мұндай фактілердің алдын алу мақсатында белгілі бір ережелер мен ұсыныстарды сақтау керектігін ескертеді:

  • пәтердің терезелерін ашып, бөлмені желдету кезінде баланың бақылауында болуын қадағалаңыз;
  • баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз;
  • ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, бала оянып ашық терезеге шығуы мүмкін;
  • барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыстатыңыз, бұл баланың терезеге шығуына жол бермейді;
  • балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық
  • балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюға үйретпеңіз, кейіннен осылай әрекет ете отырып, ол тым еңкейіп терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін;
  • москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алда қандай да бір кедергіні көреді де оған сенімді түрде сүйенеді, нәтижесінде ол тіпті ең кішкентай бір жастағы баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан
Бүгін, 13:11

Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан

Оның мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →